Қазақстанның кейбір өңірлерінде күшті жел тұрса, жекелеген жерлерде аптап ыстық болжануда

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің болжауынша бүгін, шілденің 8-і күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдар бөліктерімен байланысты - циклонның әсерінде болады.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде күшті жел тұрса, жекелеген жерлерде аптап ыстық болжануда

Мәселен, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, таңертең және күндіз Ақмола облысының жекелеген жерлерінде желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысында - шаң аралас.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облысының кей аумақтары мен Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Атырау облысының кей жерлерінде аптап ыстықтар күтілуде.

Сондай-ақ Қазгидромет бүгін, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертеді.