18:30, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның кез-келген азаматы интернет арқылы еліміздің кез-келген стационарындағы бос төсек-орындар туралы мәлімет ала алады
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстанның кез-келген азаматы Интернет арқылы республиканың кез-келген стационарындағы (ауруханаларындағы) бос төсек-орындар туралы мәлімет алып, жоспарлы түрде ауруханаға жататын күнін анықтай алады»,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бұл қызмет түрін осы күнге дейін 800 мыңға жуық қазақстандық пайдаланған. Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарына арналған бұл қызметті 2010 жылдың шілде айынан бастап www.bg.eisz.kz . порталында енгізді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын «госпитальге жатқызу бюросы» порталы пациенттерге жоспарлы емделу кезінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын жүзеге асырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Госпитальге жатқызудың шарты - жоспарлы стационарлық емдеуге тиісті көрсетілімдер болуы тиіс.