Қазақстанның қор нарығында «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның акцияларын екінші қайтара орналастырады

SPO барысында сатылымға Компанияның 482 338 қарапайым акциясы (24%+1 акция) шығарылатын болады.
Акциялардың сатушысы Компанияның ірі акционері - «Самұрық-Энерго» АҚ.
«МЭТБК» АҚ Маңғыстау облысының (Ақтау қаласынан басқа) тұтынушыларына электр энергиясын тасымалдайтын 1996 жылы құрылған электр таратушы ірі кәсіпорын болып табылады. Табиғи монополия субъектісі деген мәртебеге ие. Инвестициялық тартымдылығының негізгі факторлары: тұтынушыларының 98%-ын заңды тұлғалар құрайды, олардың арасында мұнай-газ секторына жататын ірі өнеркәсіптік тұтынушылар бар; дивидендтер тұрақты төленіп тұрады, ол таза пайданың 15%-нан кем емес; 2010 жылмен салыстырғанда сату көлемі, сондай-ақ, табысы 70%-ға өсті; 2012-2013 жылдары таза пайда 58,3 млн. теңгеден 1 156 млн. теңгеге дейін өсті; желілердегі техникалық ысырап төмен деңгейде - бұл қазақстандық ЭТБК арасындағы ең үздік көрсеткіш.
«Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның қарапайым акцияларын орналастырудың бастапқы бағасы 5 147,8 теңгені құрайды. Компанияның қарапайым акциялары бағалы қағаздардың ресми тізіміне -KASE листингісіне енгізілген және KZ1C24600013 ұлттық сәйкестендірме нөмірімен (ҰСН) тіркелген.
«АСЫЛ-ИНВЕСТ» АҚ қарапайым акцияларды екінші қайтара орналастыру бойынша қаржылық кеңесші және өтінімдер кітабын бақылаушы ұйым болып табылады. «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның қарапайым акцияларын орналастыру KASE-ке жазылу әдісі арқылы жүргізіледі.
«АСЫЛ-ИНВЕСТ» АҚ Астана, Алматы және Ақтау қалаларында бірқатар ақпараттық сессияларды ұйымдастырып, акцияларды сатып алғысы келетін инвесторларға акциялардың орналастырылуы туралы кеңінен ақпарат алу мүмкіндігін ұсынбақ.
Іс-шаралардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпарат, сондай-ақ, басқа да қосымша ақпараттар келесі сайттарда берілетін болады: Компания сайты ( www.mrek.kz ), «Самұрық-Энерго» АҚ ( www.samruk-energy.kz ), «АСЫЛ-ИНВЕСТ» АҚ ( www.asyl.kz ), Қазақстан Қор биржасы ( www.kase.kz ). 2014 жылдың 17 қарашасынан бастап 10 желтоқсанына дейінгі кезеңде акцияларды сатып алғысы келетін инвесторларға кеңес беру үшін телефон арқылы сессиялар (сейсенбі, бейсенбі, сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін) ұйымдастырылатын болады. Клиенттерге, жеке тұлғаларға арналған телефон: +7 (727) 300 43 52, 300 43 34; клиенттерге, заңды тұлғаларға арналған телефон: +7 (727) 300 43 55.
Баспасөз мәжілісіне келесі тұлғалар қатысты:Кіркінбаев Ерлан Амантайұлы, «МЭТБК» АҚ басқарма төрағасы; Баймағамбетов Дәурен Өрістемұлы, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры; Жұматаев Асылбек Рүстемұлы, «МЭТБК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; Балғынбеков Ғабиден Сапарбекұлы, «Асыл-Инвест» АҚ басқарма төрағасы; Бодаев Қасым Қаскенұлы, «Асыл-Инвест» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің директоры.