Қазақстанның көршi елдермен шекаралық немесе аумақтық даулары жоқ - М. Әшiмбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан көршi елдермен шекаралық қайшылықтар мен аумақтық даулардан ада. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мәулен Әшiмбаев мәлiм еттi.
None
None

«Егер елiмiздiң 23 жыл тәуелсiздiгi кезiндегi саяси, экономикалық, қауiпсiздiк саларда қол жеткiзген жетiстiктерiн саралайтын болсақ, бұның барлығы Қазақстанның ашық саясатының арқасында қол жеткiзiлдi. Соның iшiнде бiз өз елiмiздiң мемлекеттiк шекарасын құқықтық рәсiмделуiн толық аяқтағанымыз үшiн мақтанамыз. Бұл - нақ сол ашықтықтың арқасында болған жетiстiк. Себебi бiз көршi елдермен әрiптестiгiмiздi жүргiздiк, олармен талқылаулар өткiзiп, барлық өткiр тұрған мәселелердi шешуге тырыстық, осылайша дер уақытында шекарамыздың делимитациясын жасай алдық. Ашықтық саясатының негiзiнде бүгiнде Қазақстан көршi елдермен шекаралық қайшылықтар мен аумақтық даулардан ада», - дедi палатаның Халықаралық қатынастар, қауiпсiздiк және қорғаныс комитетiнiң төрағасы М. Әшiмбаев.

Соңғы жаңалықтар