Қазақстанның құрамасы Нагано-2010 Кубогы жолындағы жарыстарды жеңіспен бастады
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Нагано-2010 Кубогы жолындағы алғашқы матчта шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Дания құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл жөнінде Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық құрамада Вадим Краснослободцев пен Алексей Коледаев көзге түсті.
Жапония командасы да Дания хоккейшілерінен басым түсті - 3:1.
Ертең Қазақстан құрамасы турнир иелерімен - Жапония құрамасымен кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 16.00-да басталады.