Қазақстанның құрметті консулдарына жаңа міндеттер жүктелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер вице-министрі Мұxтар Тілеубердінің айтуынша, ендігі кезекте Қазақстанның құрметті консулдары шетелде жүрген азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, инвестицияларды тарту жұмысымен де айналысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі шараның негізгі мақсаты - Қазақстанның құрметті консулдарының экономикалық рөлін күшейту. Негізі, шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғап, елшіліктердің жұмысына қолғабыс жасау - құрметті консулдарының басты міндеті болып саналады. Ендігі кезекте экономикалық дипломатияға басымдық беріледі. Себебі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту және қазақстандық экспорты дамыту міндеттерін жүктеп отыр. Біздіңше, құрметті консулдар осы жұмысқа белсене атсалыса алады», - деді Тілеуберді бүгін құрметті консулдар сьезінде.

Бүгінгі шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазақ инвест» ұлттық компаниясы, «Бәйтерек» xолдингі және «Атамекен» кәсіпкерлер одағы шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда жасалып жатқан жағдайлар жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Айта кетейік, сьезд кезінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров Қазақстандағы шетел инвестицияларының артып жатқанын жеткізді .  Бұдан бөлек, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру жұмысы жалғасуда. 

Қазақстанның шет мемлекеттердегі құрметті консулдарының съезі барысында бірқатар дипломаттар марапатталды. Олардың ішінде Қазақстанның Сириядағы құрметті консулы Саид Наxас мырзаға ерекше алғыс айтылды. Себебі ол әскери қақтығыстар кезінде Қазақстан азаматтарының елге қайтуына көмектесті. 

Соңғы жаңалықтар