Қазақстанның квазимемлекеттiк секторына меритократия принциптерi енгiзiледi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның квазимемлекеттiк секторына меритократия принциптерi енгiзiледi.
None
None

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлiм еттi.

"Қазақстанның квазимемлекеттiк секторына меритократия принциптерiн енгiзу - маңызды аспект. Осы саладағы жұмысты талдауды жүргiзу аясында, "Акционерлiк қоғамдар туралы" заңды, Еңбек кодексiн жетiлдiру арқылы бiз әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметте бар критерийлердi, яғни меритократия, ашықтық принциптерiн енгiзе алар едiк", - деп атап өттi ол.

Оның сөзiне қарағанда, ҚР Үкiметiнде құрамына елдiң негiзгi ұлттық компаниялары, холдингтерi, акционерлiк қоғамдары, жалпы квазимемлекеттiк секторды ұсынатын өкiлдер кiретiн жұмыс тобы құрылуда.

"Квазимемлекеттiк сектор аппаратының кәсiбилiгiн арттыру, кадрлық процестердiң ашықтығы - осы саладағы бизнес-процестердiң дамуына, оның ашық болуына септiгiн тигiзедi", - деп атап өттi С.Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар