Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктері тиісті талаптарға сай жабдықталмаған - Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаев

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктері тиісті талаптарға сай жабдықталмаған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Селекторлық кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қанат Бозымбаевқа қаратып айтқан сөзінде: «Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған кезіңізде Сіздің алдыңызға қойылған міндеттердің бірі - шекарадағы тиісті органдармен бірге шекаралас елдерден келетін тауарлардың өтуін қадағалау болатын. Шекарада ешқандай проблема жоқ па?» деп сұрады.

Өз кезегінде Қ. Бозымбаев шекарада кеден және шекара қызметтері қызметкерлерінің санының аздығына, сондай-ақ өткізу пункттерінің жабдықталуымен байланысты біршама проблемалар барын жеткізді. «Мен іс жүзінде шекарадағы барлық пункттерді аралап көрдім. Кеденшілердің де, шекарашылардың да өткізу пункттері тиісті деңгейде жабдықталмаған. Қызметкерлер санының проблемасы нормативтен алшақ жатыр. Мәселен, шекарадағы өткізу пунктінде норматив бойынша 100 кеденші болуы тиіс болса, 12 кеденшіден кездесетін жағдайлар да бар», деді әкім. Осы орайда Қ. Бозымбаев аталмыш проблеманы шешу үшін Үкімет басшысының атына ұсыныстар әзірлеп жатқанын атап көрсетті.

Үкімет басшысы Ресеймен шекараласатын Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтен: «Таразбен салыстырғанда сіздерде проблема басқаша. Кеден одағының құрылуына байланысты онда біз керісінше шекараны ашатын боламыз. Шекараның арғы жағындағы баға айтарлықтай жоғары. Сондықтан инфляция ушықпасы үшін азық-түліктің, жанар-жағармайдың бағасын мұқият бақылаңыздар», деді.

Соңғы жаңалықтар