Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 5,5 млрд долларды құрады - ҚР Ұлттық банкі басшысы Г.Марченко

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік сыртқы қарыз 5,5 млрд долларды құрады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.
None
None

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтынан хабарланды.

«Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарын есепке алғанда 2012 жылдың соңына 137 млрд. долларды құрады, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы қарыз Үкімет пен Ұлттық банктің міндеттерін қосқанда 5,5 млрд. долларды құрады», - деді Г.Марченко.

Сонымен қатар, ҰБ төрағасы атап өткендей, банктік емес сектордың сыртқы қарызы 118 млрд. долларды құрады, оның жартысынан көбін фирмааралық қарыз құрады, оған 66,5 млрд. доллар немесе жалпы сыртқы қарыз көлемінен 48,5 % тиесілі.

Бұдан өзге, Ұлттық банк басшысы өткен жылы қазақстандық банктердің сыртқы міндеттері 2,2 млрд. долларға төмендегенін хабарлады. Ақшалай көлемі 7,9 %-ға, қолма қол ақша көлемі 11,9%-ға ұлғайды.

«2013 жылдың қаңтар-сәуірінде ақша базасын қысу 1,3 %-ды құрады. Осылайша, ақша көлемі 5 %-ға артып, қолма қол ақша 5,8 %-ға қысқарды», - деп толықтырды ол.

Г.Марченконың айтуынша, экономикадағы ақшалай ұсыныс оның өсу қарқынына сәйкес деңгейде сақталады. «2013 жылдың соңына дейін бұл үрдіс сақталады, сондықтан монетарлық факторлардың инфляцияға әсері минималды болып қалады. Оған Ұлттық банктің ақша нарығында өтімділікті реттеу бойынша шаралары көмектеседі», - деп есептейді Ұлттық банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар