Қазақстанның мұнай компанияларының қаржысына салынған әлеуметтік нысандар қарапайым халықтың қажеттіліктеріне жауап бермейді ? А.Құрманова

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанның мұнай компанияларының қаржысына салынған әлеуметтік нысандар қарапайым халықтың қажеттіліктеріне жауап бермейді.
None
None
Бұл туралы бүгін «Өндіруші компаниялардың әлеуметтік жобаларының тиімділігі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Стратегиялық басқарудың Орталықазиялық лигасының директоры Айтолқын Құрманова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, Стратегиялық басқарудың Орталықазиялық лигасы Сорос-Қазақстан қоры өндіруші компаниялар қаржыландырған әлеуметтік жобалардың тиімділігіне жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша «Құмға сіңген ақша...» атты деректі фильм түсірді. Онда еліміздің ең ірі мұнай өндіруші компаниялары орналасқан - Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары халқының тұрмыс жағдайы мен мұнайшылар қаржыландырған ең қымбат бес жоба ? Атырау қаласындағы төбесі жабық бессейіннің (14,5 млн АҚШ доллар), Жаңаөзен қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (14 млн АҚШ доллар), Атырауды электрлендіру (12 млн АҚШ доллар), Орал қаласындағы Қазақ драма театры мен (10,5 млн. доллар), Құлсары қаласындағы кәсіптік-техникалық училищенің (9 млн доллар) тұрғындарға қаншалықты қажеттілігі көрсетілген. «Жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жұмсалған қаржының тиімділігі өте төмен. Әкімдіктер ұсынған әлеуметтік жобалардың басым бөлігі сол аймақ тұрғындарының қажеттілігіне жауап бермей жатады. Мысалға, көптеп салынып жатқан бассейндер, ипподромдар мен стадиондардың халыққа қаншалықты қажет екені белгісіз», - деді ол. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың пікірінше, денсаулық сақтау және білім беру нысандары мемлекеттік бюджет есебінен салынуы тиіс. Ал бизнестің әлеуметтік инвестициялары халықты несиелендіруге, ауызсу тартуға, тұрғын үйлер мен балабақшалардың аулаларына ойын алаңдарын салуға және қарапайым халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті тағы басқа жобаларға жұмсалуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар