Қазақстанның мұнайы мен газын ұрлауда шетелдіктер де белсенділік танытып отыр - апталық брифинг

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Газ және мұнай өнімдерін заңсыз пайдаланудан тапқан пайда шаш-етектен. Маңғыстау облысындағы «Қазполмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры,
None
None

Молдавия азаматы С.Корнегурца газ және мұнай құбырларын лицензиясыз пайдаланып, 21 миллиард 675 миллион теңге пайда тауыпты. Қазіргі таңда аталмыш азаматтың мал-мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мәліметпен журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  айтуынша, қазір аталмыш серіктестіктің өзге де басшыларының заңсыз әрекеттеріне қатысты қылмыстық іс жалғасуда. Сондай-ақ осы аймақтағы «Толқынмұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшілерінің де заңсыз істері қаралуда. Олар да мұнай, газ құбырларын заңсыз пайдаланып, 125 миллиард теңге көлемінде пайда тапқан. Басшыларға қазір іздеу жарияланып, қамауға алу жөнінде сот шешімі шыққан.

Соңғы жаңалықтар