Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтасуы аса қажет - сарапшы пікірі
АТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Еуро-Атлантикалық әріптестік Кеңесі – бұл Альянстың оған мүше емес, мүмкін ешқашанда мүше болмайтын, бірақ әріптес болып саналатын елдермен жұмыстар жүргізуі үшін құрылған НАТО ауқымындағы құрылым. Қазақстанның бұл тізімге енгеніне көп болды және Еуро-Атлантикалық әріптестік Кеңесінің кезекті қауіпсіздік форумының Астанада өтуі, бұл сөз жоқ, Қазақстан мен НАТО арасындағы қатынастың жоғары деңгейде екендігін көрсететін маңызды белгі. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне «Эксперт Казахстана» журналы саясат бөлімінің меңгерушісі Николай Кузьмин айтты.
Саясаттанушының пікірінше, біздің еліміздің Солтүстік-Атлантикалық Альянспен қатынасы НАТО-ның барлық бағыттарын қамтиды. Бұл - әскери-техникалық, ғылыми, оқу-жаттығулар өткізу, Алматы үшін өзекті бағыттың бірі - күшті жер сілкінісі болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің іс-қимылын жоспарлау. Мейлі, оқу-жаттығу болсын, НАТО шараларын өткізу кезіндегі көпшілікті бей-жай қалдырмайтын басты мәселе, ол - НАТО Бас хатшысының Қазақстанға сапары немесе ЕАӘК форумы, түптеп келгенде мұның барлығы да екі елдің жақындасу үрдісінің тереңдеп отырғанын көрсетеді. Екінші мәселе - Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін өз міндеттеріне алатын, оған Қазақстан мүше болып отырған ҰҚШҰ және ШЫҰ секілді құрылымдар мен жауапкершілігі Еуропа аймағымен шектелетін НАТО арасында мүдделік талас жатқан жоқ па, қалай болғанда да іс жүзінде аталған ұйым Орталық Азияға қарай жылжыды. Мұнда әңгіме НАТО бітімгершілік операциясын жүргізуге жауап беретін Ауғанстан туралы болып отыр, деп атап өтті сарапшы. «Қазақстан-НАТО ынтымақтастығын кім қандай ұстаным тұрғысынан қарайды, сондықтан да бұл жерде қандай да бір қорытынды айту өте күрделі, өйткені бұл мәселе өте көлемді және көп қырлы. Менің пікірім мынадай, Қазақстан Ресеймен ҰҚШҰ ауқымында одақтас және ЕурАзЭҚ бойынша әріптес бола тұра, Солтүстік-Атлантикалық Альянспен өз ынтымақтастығын кем дегенде Ресей-НАТО деңгейіне дейін дамытуға құқылы деп ойлаймын, ал Ресей мен НАТО қатынасы айтарлықтай жоғары деңгейде. Ресей-НАТО арнайы Кеңесінің бар екендігі белгілі, олар арнайы кеңестер мен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп тұрады. Қазақстан-Ресей қатынасы өзара сенім негізінде құрылған, сондықтан да НАТО-ның форумдары мен олардың сапары, олар өткізген оқу-жаттығу шаралары көршілес екі елдің арасын суытпайды, деп ойлаймын. Екі мемлекет басшысы арасында осындай жоғары деңгейлік сенім бар деп ойлаймын», - деп мәлімдеді «Эксперт Казахстана» журналының саясат бөлімінің меңгерушісі. «Басқа мәселе, бұл тақырып Қазақстанның көп векторлы саясатына қатысты түрлі пікір қоздырушыларға нағыз ұрымтал тұс болғалы отыр, яғни бұл саясат қаншалықты қажет болды, ол өзінің басты әріптесін таңдамай ма, соның соңынан ермей ме деген секілді. Бірақ, нақты түрде ештеңені де таңдаудың қажеті жоқ. Таңдау әлдеқашан жасалып қойған, ол түрлі көпжақты және екіжақты құжаттармен бекітілген. Форумнан және олардың келісінен және кездесулерден бірдеңе іздеушілерге мен, мұндай жоғары деңгейдегі Қазақстан және Ресейдің өзара батыс елдері мен батыс ұйымдары арасындағы өткен кездесулерді салыстырсын, оны санасын дер едім. Сөз жоқ, есеп Ресейдің пайдасына шешіледі және айырмашылығы да айтарлықтай болады», - деп атап өтті Н.Кузьмин. «Сондай-ақ, бірлескен оқу-жаттығу шараларына назар аударушыларға айтарым, «Дала қыраны» аталатын жыл сайынғы Қазақстан-НАТО жаттығуына қатысатын әскерилер мен Челябі облысының Шұбаркөл полигонында Қазақстанның қатысуымен өтетін оқу-жаттығуға тартылған әскерилер мен әскери техниканың айырмасын салыстырсын дер едім. Бұдан басқа, егер НАТО-мен бірлескен оқу-жаттығу командалық-штабтық және әскери-шерулік көрсетілім сипатында өтетін болса, Ресейдегі оқу-жаттығу шаралары әскери іс-қимылға мейлінше жақындатылған деңгейде өтеді. Міне, айырмашылық. Сондай-ақ қазір ҰҚШҰ ауқымында Орталық Азияның әскери тобын құру туралы мәселе шешілуде. Жалпы алғанда, кімде-кім Қазақстан-НАТО және Қазақстан-Ресей форматындағы ынтымақтастық арасынан бәсекелестік нышанын іздейтін болса, ол алдымен бұл қатынастардың көлемі мен сапасын салыстырсын», - деп кеңес берді сарапшы. «Басқа жағынан алғанда, мен НАТО-мен ынтымақтастықты өте қажет деп есептеймін. Біздің еліміз лаңкестікті қоса есептегенде, қазіргі заманғы жаңа қатерлермен күрес жүргізуде бұрыннан-ақ белсенділік танытып келеді. Қазақстан лаңкестікке қарсы іс-қимыл шараларының барлығына да қатысуға тырысады. Ауғанстандағы лаңкестік әрекетке қарсы операцияларға Қазақстан, тіпті әскери үлгідегі киіммен қатысуы да мүмкін. Ирактағы операцияға біздің еліміздің қатысқандығын естеріңізге сала кеткім келеді. Саяси тұрғыдан алып қарағанда, бұл өте маңызды. Мұндай шаралар дүниежүзі бойынша НАТО қолдауымен немесе Альянс стандарты бойынша іс-қимыл жасайтын елдердің қатысуымен өткізіліп отырады. Форумның қорытынды құжаты аймақтың қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде Ауғанстан мәселесі бойынша да барлық құрылымдары ынтымақтастығының Қазақстанға тән қасиетін көрсетеді. НАТО-мен тек жекелеген елдер ғана емес, сонымен қатар ҰҚШҰ және ШЫҰ секілді халықаралық құрылымдардың ынтымақтаса алатындығы туралы идеяны Қазақстан қолдайтын болады», - деп қорытты өз сөзін Н.Кузьмин.