Қазақстанның оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл көтеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның  шығыс және оңтүстік-шығыс  аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, калған өңірлерде күн ашық.
None
None

 Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Республиканың  кей жерлерінде тұман түседі, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің күші 15-20 м/с  болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар