Қазақстанның оңтүстігінде инженерлік-саперлер роталарының ауқымды жиыны өрістетілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің инженерлік-саперлер роталарының 400-ден астам әскери қызметшісі, саны 100 бірлікті құрайтын қару-жарақ пен әскери техника «Берег» полигонында далалық жиынға қатысу үшін жиналды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның оңтүстігінде инженерлік-саперлер роталарының ауқымды жиыны өрістетілді (ФОТО)

«Жиын бір ай мерзімге созылады. Осы уақыт аралығында әскери қызметшілер далалық жағдайда әскери оқу-жаттығудың кәсіби тапсырмаларын орындауды өткізеді», - делінген хабарламада.

Полигонда инженерлер және саперлер шартты қарсыластың орналасуы мүмкін жерлерді зерттеуді және жарылғыш заттарды іздестіруді жүргізеді, миналық-жарылғыш бөгеттер мен су тоғаны арқылы 60 тоннаға дейін жүк көтеретін техниканы өткізуге арналған ауыр механикаландырылған көпірлер тұрғызады, өзендер мен көлдерде су миналарының бар-жоғын зерделейді.

Осындай далалық жиындар жауынгерлердің далалық машықтанған дағдысын арттыруға, жауынгерлік әзірлік қарқынын өсіруге, инженерлік-саперлер бөлімшелері мен есеп-топтарының өзара іс-қимылдарын нақты нығайтуға мүмкіндік береді.

Роталар мен взводтар командирлері үшін штаттық техниканы кеңінен қолдану арқылы жүктелген міндеттер өздерінің практикалық дағдыларын жетілдірудегі тамаша мүмкіндік болмақ.