Қазақстанның оңтүстігінде жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт адам қайтыс болды, екі адам жарақат алды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт ер азамат оқиға орнында көз жұмды,

Қазақстанның    оңтүстігінде  жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт  адам   қайтыс болды, екі адам  жарақат алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Алматы-Термез тас жолының 780-ші шақырымында, Қазығұрт ауданында бүгін түнде «Опель» көлігі ағашқа соғылды. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.