14:02, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстанның шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем біріншілігіне қатысу үшін бүгін Словакияға аттанады
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстанның шайбалы хоккейден қыздар құрамасы сәуірдің 3-інде Словакияның Пьештани қаласында басталатын әлем біріншілігіне қатысу үшін бүгін Словакияға аттанады.
Бұл туралы Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
18 жасқа дейінгі ойыншылардың арасында өтетін біріншіліктің алғашқы күні қазақстандық хоккейшілер Швейцария командасымен кездеседі. Қазақстан құрамасының турнирдегі міндеті - қыздар арасындағы әлем біріншілігінің top-дивизионына жолдама алу.
Құраманың бас жаттықтырушысы - Александр Федоренко. 1-ші дивизиондағы әлем чемпионатына Австрия, Швейцария, Норвегия, Словакия, Франция құрамалары қатысуда.