11:28, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстанның шығыс және орталық бөлігінде үсік түседі деп күтілуде
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Елііздің батыс бөлігі арқылы жауын, найзағай және күшті жел шақыратын суық атмосфералық фронттар мен аралас циклон күтілуде, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, ал күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-22 метрге жететін жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күн 0-3 градусқа дейін суытады. Ал еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар синоптиктердің атап өтуінше, таяу үш күннің ішінде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының аумағында Сырдария өзенінің деңгейі Шардара қоймасынан су толқындарының түсуінен көтерілмек.