04:39, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Қазақстанның солтүстігі мен орталығында шық түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігі мен орталық өңірінде 2-4 қыркүйек аралығында түнгі уақытта суық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

«2-4 қыркүйек күндері Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 0-5-ке дейін төмендейді», делінген хабарламада.