Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жауын-шашын күтілуде, кейбір жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Белсенді циклон және онымен байланысты атмосфералық бөліктер Қазақстанның солтүстігі мен орталығының ауа райын анықтайды, мұнда жауын-шашын күтіліп, кейбір жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі.
None
None

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның батыс және шығыс бөлігі антициклонның ықпалына түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде жел жылдамдығы 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында түнде кейбір жерлерде ауаның температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.

Соңғы жаңалықтар