Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғып, жел күшейе түсуі мүмкін - синоптиктер мәліметі
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғып, жел күшейе түседі деп күтілуде,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Республиканың басқа аумақтары антициклонның ықпалында болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде боран болып, жел 15-20 м/с дейін күшейе түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан жел 18-23 м/с дейін күшейеді.