Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қатты аяздың беті қайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-23 қараша аралығында Қазақстанның орталық аудандарының үстінен өтіп жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдар республиканың көптеген облыстарында жауын-шашындар тудырып, жаңбыр, қар әкеледі.
None
None

Демалыс күндері оңтүстік, орталық және шығыс аудандарында оның әсері сақталып, бірақ шығысқа қарай ығысуымен, әлсірей бастайды. Өңірлерде ауа температурасы әлі де көпжылдық мәннен 2-5 градусқа жоғары болады, тек 23 қарашада ол орташа көпжылдық мәндер шамасында, ал шығыста - одан 3-6 градус төмен болатыны күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның солтүстік облыстарындағы ауа райына әлі Сібір антициклоны әсер етуде, сондықтан мұндағы түнгі температура көбіне 22-30 градус суықты көрсетіп сақталады, бұл климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен. Бірақ Ресейдің Еуропалық аумағынан жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклон шығысқа қарай баяу ығысып, оның орнын басып келеді. Осылайша, дүйсенбі күні батыс және солтүстік облыстарда ауа температурасы көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар