Қазақстанның тағы бір штангышысы қола медаль алды

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Оңтүстік Кореяның Коян қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем біріншілігінде Қазақстанның 24 жасар спортшысы Владимир Кузнецов әлемдік доданың қола медалін жеңіп алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

85 келі салмақта сынға түскен Владимир Кузнецов екі жаттығуында да сәтті өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 170 килоны, серпе көтеруде 206 килоны бағындырды. Жалпы есепте Владимирдің үлесі 376 килоны құрады.

 Осы салмақта Қытай елінің спортшысы Лю Ен жалпы есепте 383 кило көтеріп, бас жүлдені иеленсе,  380 кило көтерген Беларус спортшысы Сергей Лагун күміс медальді жеңіп алды.

  Әлем біріншілігі жалғасуда. Өзге салмақтар бойынша додаға түсіп жатқан басқа да дарынды  спортшыларымыз бар.

Соңғы жаңалықтар