Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қардың қалың жаууына және нормадан 30-70 пайызға асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты қаңтардың 6-10-ы аралығында қар көшкіні болуы ықтимал,

Қазақстанның  таулы аудандарында   қар көшкіні болуы  мүмкін

деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығынан.

Осыған байланысты, қар көшкінін туғызбау мақсатында адамдарға тау етегіне шықпауға кеңес беріліп отыр. «Таулы аудандарда абай болыңыздар», деп ескертеді «Қазгидромет» орталығы.