11:31, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстанның темір жол саласын дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасын мақұлдауға болады - Үкімет басшысы
;АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Меніңше, Үкіметтің бүгінгі отырысында пысықталған Қазақстанның темір жол саласын дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасын мақұлдауға болады. Бүгін Министрлер кабинетінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталмыш бағдарламаны әзірлеу кезінде барлық дайындық жұмыстары ойдағыдай атқырылды деп ойлаймын. Оны біз бүгінгі Үкімет отырысындағы қызу талқылаудан көріп отырмыз. Сондықтан Қазақстанның темір жол саласын дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасын құзіретті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өткізгеннен кейін Үкімет отырысына енгізуге болады деп ойлаймын», деді К. Мәсімов.