Қазақстанның теннис құрамасы Австралияда өтіп жатқан «Хопман Кубогының» екінші турында алғашқы жеңіске қол жеткізді

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстанның теннис құрамасы Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан «Хопман Кубогында» екінші турда алғашқы жеңіске қол жеткізді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Үш кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер Ресей командасын 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші ойында қазақстандық Ярослава Шведова ресейлік Елена Дементьеваға 3:6,1:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал одан кейінгі кездесуде Андрей Голубев ресейлік Игорь Андреевті еш қиналмастан жеңді. Матчтың қорытындысы - 6:4, 6:3. Шешуші ойында Голубев пен Шведова жұптасып ресейлік теннисшілерді 7:6, 6;4 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан «В» тобында Ресей құрамасымен бірге екінші орынды бөлісіп отыр.

Бұған дейін Ұлыбритания командасы Германия құрамасын жеңген болатын (2:1). Үшінші кезеңде Қазақстан қатарынан екі рет жеңіліп, финалға шығу мүмкіндігінен айрылған Германия құрамасына қарсы ойнайды.

Соңғы жаңалықтар