Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 2010 жылғы табысы 258 миллион теңгені құрады

АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2010 жылғы жұмысының қорытындысын жариялады.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 2010 жылғы табысы 258 миллион теңгені құрады

Банк негізгі қызметін жүзеге асыру кезінде былтыр 120,8 миллиард теңгенің 57 607 шартын жасады. Сондай-ақ 28,8 миллиард теңгенің 9 736 заемын берді. Депозиттік базасы - 13,5 миллиард теңгеге (52 пайыз), кредитік қоржыны - 21,3 миллиард теңгеге (46 пайыз) өсті. Соның нәтижесінде банк республика халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін 2 пайызға ұлғайтты.

2010 жылдың 11 айындағы көрсеткішке сәйкес құрылыс салуға, тұрғын үй сатып алуға несие беру нарығындағы Банктің үлесі 5,5-тен 7,8 пайызға дейін өсті. Бүгінгі таңда Банктің халықтың екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ)ұзақ мерзімді салымдарының жалпы сомасындағы үлесі 5 пайызды құрайды. Банк бұл көрсеткіш бойынша ЕДБ арасында 8-орында (2010 жылдың сәйкес мерзімінде 9-тұрды.

ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің деректеріне қарағанда, былтыр активтер көлемі бойынша ЕДБ арасында 18-ден 16-орынға көтерілді. 2010 жылдың 11 айындағы Банкте төлемдерінің мерзімі өткен кредиттерінің үлесі 6,51 пайыз болды. Ал ЕДБ арасындағы орташа көрсеткіш 33,09 пайызды құрайды.

Қазақстанның тұрғын үй құрылдыс жинақ банкі Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі оператор болып белгіленген еді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде (2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны қоса алғанда) Банк бюджеттік кредиттер есебінен жалпы сомасы 37,4 миллиард теңгеге 10 842 заем берді. Оның ішінде 20,7 миллиард теңгенің 6 260 заемы 2010 жылдың үлесіне тиіп отыр. Банк бұдан басқа меншікті қаражаттарының есебінен Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жалпы сомасы 4,2миллиард теңгенің 1 434 заемын берді. Соның ішінде 43миллион теңгенің 19 заемы 2010 жылдың үлесінде.

2010-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес Банк алдағы 5 жылда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін экономикалық белсенді халықтың6%-на (600 мың тұрғын үй құрылыс жинақ шартына жуық) және меншікті капиталдың тиімділік көрсеткішін 10,0 %-ға дейін арттыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал биылғы жылы экономикалық белсенді халыққа шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін - 2,8 пайызға, халық салымындағы нарықтық үлесін - 1,9 пайызға, тұрғын үй салуға және сатып алуға заемдар бойынша нарықтық үлесін - 9,6 пайызға, жыл ішінде жасайтын жаңа тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының санын - 69 мыңға және қызмет көрсету сапасын 95 пайызға көтеруді жоспарлауда.