Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның түрікмен газын тұтыну көлемі артады - Мұнай және газ министрлігі

  АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Түрікмен газын Қытайға тасымалдаудың арқасында біз ол өнімді молынан тұтына бастадық.

Қазақстанның түрікмен газын тұтыну көлемі артады - Мұнай және газ министрлігі

Өткен жылыту маусымы барысында біз 283 млн. текше метр түрікмен газын пайдаландық. Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Оның хабарлауынша, биыл түрікмен газының 500 млн. текше метрін тұтыну жоспарланған. «Өткен жылғы қарашаның 10-нан бері біз ол газдың 400 млн. текше метрінен астамын пайдаландық», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

Жалпы, бүгінде түрікмен газын Кытайға жеткізудің арқасында Қазақстанның тасымал көрсеткіші 18 пайызға өсті. «Бірақ біз арқылы Ресей Федерациясына жеткізілетін өзбек газының көлемі төмендеді», - дейді министр.