Қазақстанның туристік әлеуеті Сауд Арабиясында таныстырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның туристік әлеуеті Сауд Арабиясында таныстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

29-31 наурызда Даммам, Рияд, Жидда қалаларында Қазақстанның туризм саласындағы инвестициялық жобалармен және туризмінің әлеуетімен таныстыруға арналған роуд-шоу өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және Алматы қаласы Туризм басқармасы бірлесіп ұйымдастыруда.

Роуд-шоу аясында қазақстандық туроператорлар мен әуе компаниялары жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдері үшін b2b алаңын ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шара саудтық бизнес өкілдері мен туристік агенттіктерін Қазақстанның туристік көрнекі жерлерімен жан-жақты таныстыруға және әлеуетті контрагенттермен тиісті келісім-шарттарды жасасуға мүмкіндік береді.

Сауд Арабиясы шетелге шығатын туризм әлеуетін дамыту бойынша араб елдерінің ішінде көшбасшы. Мәселен, пандемия басталғанға дейін жылына 9 млн астам саудтық саяхат жасайтын, ал жалпы саудтықтардың шетелдік туризмге жұмсайын жыл сайынғы шығыны 20 млрд АҚШ долларынан асады.


Соңғы жаңалықтар