Қазақстанның Ұлттық авиатасымалдаушы компаниясы «Әлемнің үздік авиакомпаниясы» жүлдесінің лауреаты атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралықтәуелсіз Skytrax World Airline Awards жүлдесі дүниежүзінің 2000-нан аса авиакомпанияларының арасында 1999 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Әлемнің 100-ге жуық елінің 17,9 миллион саяхатшысы Skytrax рейтингтік компанияның 2009 бен 2010 жылдардағы сауалына жауап берген. Осы сауалдар жауабының нәтижесінде аталым жүлдегерлері анықталаған.
«Эйр Астана» АҚ жолаушыларға жоғары талаптарға сай қызмет көрсеткендігінен Орталық Азия, Ресей және ТМД елдерінің авиакампаниялары арасында тағы да көш бастап тұр. Компания қызметкерлері жұмыстарын адал атқарып, осындай жоғары дәрежелі жүлдеге қол жеткізгені үшін шын жүректен алғысымды айтқым келеді», дейді «Эйр Астана» АҚ-ның президенті Питер Фостер.