Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның Ұлттық банкі «Беташар» және «Нұр-Астана» мешіті» шақаларын айналымға шығарды

АСТАНА.  Қыркүйектің   29-ы.  ҚазАқпарат /Қанат  Құлшыманов/ -    Ағымдағы  жылғы  тамыздың 20-сынан  бастап   айналымға «Беташар»  және  «Нұр-Астана» мешіті»   шақалары шығарылды, 

Қазақстанның Ұлттық  банкі «Беташар»  және  «Нұр-Астана» мешіті»   шақаларын айналымға шығарды

деп   хабарлайды    Қазақстанның  Ұлттық банкі.

«Нұр-Астана» мешіті» шақасының    бет  жағында (аверс)  орталық бөлікте  оң-өрнек  фонында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген   және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде  монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан.

Ал шақаның сыртқы жағында «Нұр-Астана»  мешіті  бейнеленген.   Төменгі жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын  және жасалған  металл  мен  оның сынамасын білдіретін  "31,1 g.", "Ag 925" деген жазулар  бар. 

Шақаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген. Монета 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм."Рroof" сапасымен шығарылған.Таралымы  - 4 мың дана.

«Беташар»  шақасының   бет жағының  орталық бөлігінде  Елтаңба   бейнеленген. Төменгі  бөлігінде   монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан.  Сол және оң  жақ секторларда    ұлттық ою-өрнек  элементтері    бейнеленген.   Оң  жағының  төменгі тұсында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын және  сынамасын білдіретін  "31,1 g.", "Ag 925" деген жазулары бар.