12:43, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстанның уран өндірісі дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты - Қытайдың «Халық газеті» ақпараттық сайты
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - «Халық газеті» («Рінмиін рыбау») сайты өздерінің Алматыдағы меншікті тілшісі Чын Жышинің ұсынған ақпаратына сүйене отырып, Қазақстанның ұлттық «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 2009 жылы 13 мың 500 тонна уран өндіріп, өнім көлемін өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 63 пайызға арттырып, әлемде уран өндірісі бойынша бірінші орынға көтерілгенін жария етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халық газеті» сайтының (www.people.com.cn) жаңалықтарына сілтеме жасап.
Аталмыш компанияның вице-президенті Нұрлан Рыспановтың айтуынша, 2010 жылы Қазақстан уран өндіру мөлшерін 18 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан әлемдегі уран байлығы мол мемлекеттердің бірі, уранның запас қоры дүниежүзі бойынша екінші орында. Қазақстан басшысы кезекті бір сөзінде Қазақстандағы уран қоры дүниежүзіндегі уран қорының 25 пайызын құрайтындығын айтқан болатын. Қазір Қазақстанда 21 уран кеніші жұмыс істеп тұр.