Қазақстанның уран өндіру көлемі 25 мың тоннаға дейін жетеді - «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011 жылы біз 19 мың тонна уран өндірдік. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 25 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін «Самұрық Қазына» қорының кеңейтілген алқа мәжілісінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басшысы Владимир Школьник мәлім етті.
Компания басшысы хабарлағандай, бүгінде Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы үлесі 35 пайызға дейін жетті. «Ендігі міндет - осы көрсеткішті сақтап қалу», - дейді В. Школьник.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қазақстанда өндірілетін уран АҚШ, Еуропа және Индонезияға жеткізіледі. «Бүгінде «Де Франс» деген әлемнің ірі электр энергетикалық компаниясымен қазақстандық уранның 30 пайызын жеткізу бойынша келісім бар», - деп атап көрсетті В. Школьник.