Қазақстанның үш облысында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

30 тамыз-1 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, шаңды дауыл күтілуде, кей жерлерде 43°С аптап ыстық болады.

30 тамыз күні Маңғыстау облысы аумағының кей жерлерінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

30 тамыз күні күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градустық аптап ыстық күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар