Қазақстанның үш облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 сәуірде Қазақстанның үш облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның үш облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз облыс орталығында 15-20 м/с болады, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 20-22 сәуірде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл аумақтарында 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде синоптиктер найзағай ойнап, екпінді жел соғады, шаңды дауыл соғады деп болжаған болатын. Республика бойынша желдің күші сақталады.