Қазақстанның жаңа тұрғын үй бағдарламасы пысықтауға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай жаңа бағдарламасының тұжырымдамасын тыңғылықты қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұл бағытта тиісті мақсаттарды Мемлекет басшысы алдымызға қойды. «Нұрлы жер» бағдарламасы керек, яғни адамдар оны күтіп отыр. Осы ретте жұмысты жандандыру қажет. Бүгінгі отырыста айтылған ұсыныстардың барлығын тағы да қарап шығу керек. Қанша талқылағанымызбен, біздің бағдарламада толық түсіндірілмеген немесе көрсетілмеген және тиісті деңгейде жазылмаған тұстары болуы мүмкін. Сондықтан да Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының бірінші орынбасары) жыл соңына дейін барлығымен бірге тағы да қарастырып, бекітуге ұсыныңыздар»,-деді Б. Сағынтаев Үкімет отырысы барысында.

Осы орайда Премьер-Министр бұл бағдарлама 15 жылға есептелгендіктен, одан бірмезетте нәтиже күтіп керек емес екенін айтты.

Ол өткен сенбіде Венада ОПЕК-ке мүше емес елдер мұнай өндіру көлемін төмендету туралы уағдаласқанын, оның ішінде Қазақстан тәулігіне 20 мың баррельге дейінгі көлемді бекіткенін еске салып өтті. Бүгінде баға 57 долларға дейін жетіп отыр.

«Алдағы жыл биылға қарағанда табысты болады деп ойлаймын. Сондықтан да біз өзіміздің бағдарламада ұстанымды шығыстарды көрсеттік. Менің ойымша, ахуалдың өзгеруін ескере отырып, біздің бағдарламаға түзетулерді енгізуге болады, сондай-ақ бүгінде қаралып отырған қарқын мен индикаторлар емін-еркін қарастырыла алады. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер тарапынан да»,-деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар