Қазақстанның жас зияткерлері үшін ШҚО-да өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Көкшетау және Талдықорған қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен балалар келді. «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясының қатысушылары Шығыс Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуымен танысты.
None
None

Бүкіл Қазақстаннан жиналған жас зерттеушілерді Кенді Алтай орталығындағы перронда мерекелік флешмобпен қарсы алды. «Ретроспектива және болашақтағы қала» шолу экскурсиясы кезінде олар Стрелкадағы Даңқ ескерткіші, Шығыс Қазақстан облыстық тарих-өлкетану мұражайына, «Жастар» саябағына барып, Өскемен ГЭС-да болып, оның құрылысы тарихымен танысты.

«Біздің Талдықорған - шағын қала, Өскеменге ол сияқты бірнеше қала сыйып кете алады. Қаланың әдемі орындарының бірі - мешіт ұнады, ГЭС жұмысы да әсер етті», - деп бөлісті алған әсерімен Әсел Оразбекова. Өскеменнің жас қонақтарына оның табиғаты, тұрғындары да өте ұнады. Балалар түсті металлургия кәсіпорында болды. Топтардың бірі мырыш, мыс, бағалы металдар және қорғасынның ірі өндірушісі - «Kazzink» ЖШС-не барса, тағы біреуі Өскемен титан-магний комбинатының тарихы және өндірісімен танысты. Өскемен қаласындағы НЗМ-нің қызметкері Роза Құмарғажинаның баяндауынша, енді жас зерттеушілерді Риддер қаласына сапарлап, ондағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық-географиялық және ботаникалық зерттеулер жасай алады. Бұдан басқа, олар Семейге барып, Жидебайдағы мұражай кешеніне саяхат жасайды. Сапар қорытындылары бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын жазады.

Соңғы жаңалықтар