Қазақстанның жетістіктерінде Алматы мен оның тұрғындарының үлесі орасан зор - «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары

АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда да мемлекетіміздің басты экономикалық, әлеуметтік үдерістері Алматыда  шоғырланған.
None
None

 Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін «партияның қалалық филиалының ХІІ есеп беру-сайлау конференциясында айтты.

«Біздің бүгінгі басқосуымыз ерекше екі мерекемен орайласып отыр. Осыдан бірнеше күн ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өттік. Енді ғасырлар бойы аңсаған асыл мұратымыз, басты құндылығымыз - Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындалып жатырмыз. Осы екі бірдей айтулы мерекені байланыстыратын жер әрине, бұл Алматы қаласы», - деді Б. Сағынтаев. Оның айтуынша, егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары дәл осы шаһарда Қазақстан тағдыры үшін өте маңызды шешімдер қабылданып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне ықпал ететін, халқымыздың болашағына тікелей қатысы бар  тарихи оқиғалар өтті. Қазіргі уақытта да Алматы ел өмірінде елеулі орын алуда. Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінде Алматы мен оның тұрғындарының үлесі орасан зор.

«Жақында Елбасының төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдер мен Үкімет мүшелерінің  қатысуымен  өңірлерді дамыту жөніндегі кеңес өтті. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуы үшін аса маңызды болып табылатын басты міндеттерді айқындады. Ал ең бастысы, «Нұр Отан» партиясына осы жұмыстың жүзеге асырылуын қатаң бақылау міндетін жүктеді. «Нұротандықтар» Елбасының басты көмекшілері ретінде осы бастамаларды жүзеге асыруда әрқашан алда болуға тиіс»,-деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар