Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қатысуымен Қазақстан–Сербия арасындағы 10 меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет кеңсесі арасындағы цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігі арасындағы ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасы Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында кино саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

9. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Сербия даму агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан–Сербия: стратегиялық салалар бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды
Фото: Ақорда

10. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербия Республикасы Дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Еске салсақ, кеше Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алды.

Тоқаев Сербия Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайын екенін алға тартты.

Қазақстан мен Сербия бейбіт атом энергетикасы бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыратыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум