«Қазақтелеком» акционерлері 1,7 млрд. теңге көлемінде дивиденд алмақ

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болды.
None
None

Онда 2012 II-IV тоқсандардың қорытындысы бойынша қарапайым акциялардың әрқайсысына 161,03 теңге мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады аталмыш компанияның баспасөз қызметі.

Дивиденд төлеуге 11 877 715 000 теңге таза пайданың 1 781 637 852 теңгесі бағытталатын болады.

«Осы кезеңнің қорытындысы бойынша дивидендтер алуға құқы бар акционерлердің тізімі 2 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген. Қарапайым акцияларға дивидендтер төлеу 3 маусымда жүргізіледі. Дивидендтер акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз төлем түрінде бір рет төленеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар