18:32, 14 Тамыз 2025 | GMT +5
Қазақтың Робин Гуды: Алматы сотында «Елге көмек» қорына қатысты іс қаралады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Бұл туралы агенттік сауалына жауап берген Алматы қалалық соты мәлімдеді.
— Аталған қылмыстық іс 2025 жылғы 11 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына түсті. Іс бойынша сот талқылауы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабы талаптарына сәйкес ашық түрде жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады соттан.
Еске салайық, сәуір айында «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, ұсталғанын жазғанбыз. Ол өзін бірнеше рет «қазақтың Робин Гуды» деп атаған және әлеуметтік желідегі парақшаларында музыкант, концерт пен той ұйымдастырушы екені көрсетілген.