Қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырының саны азайып кетті - А. Селюлев

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырының саны азайып кетті.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің депутаттарымен кездесуі барысында «Мал өнімдері» корпорациясының Басқарма басшысы Александр Селюлев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма төрағасының айтуынша, жалпы еліміздегі мүйізді ірі қара малдың саны 2009 жылы 1,6 есеге азайған. «Көрсеткіштерге қарағанда, елімізде асыл тұқымды малдардың саны да өте төмендеп кеткен. Статистикаға сүйенсек, бұл санаттағы мал үлесі барлық мал санының тек 1,25 пайызын ғана құрайды. Тіпті, өзіміздің базалық тұқым болып табылатын жергілікті қазақтың ақ бас сиырының саны да құлдырап барады. Бұндай тұқымды сиырлардың саны бар жоғы 76 мыңнан сәл асады», деді А. Селюлев.

Оның сөзіне қарағанда, қазақтың ақбас сиыры есепке алғаш тіркелген 1950-ші жылдардағы көрсеткіш бойынша 1 млн. 150 мыңнан асқан. Ал бүгінгі деңгей бұндай тұқымның елімізде жоғалып бара жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар