Қазақтың бейнелеу өнері тарихында Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің алар орны ерекше ? Суретшілер одағының Басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақтың бейнелеу өнері тарихында Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің алар орны ерекше.
None
None
ҚР Суретшілер одағының басқарма төрағасы Байтұрсын Өмірбеков бүгін еліміздегі өнер саласындағы тұңғыш оқу ордасының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өткен бұл алқалы жиынға колледж түлектері, бейнелеу өнері саласында мамандар дайындатын түрлі деңгейдегі оқу орындарының басшылары қатысты. «Бұрын бізде еуропалық үрдістегі бейнелеу өнері болмаған. Жастарды оқыту, өнер туындыларын жасау арқылы ғана белгілі дәрежеде бейнелеу өнерінің қазақ еліне сай мектебі қалыптасты. Өнердің неше түрлі салаларының дамуы нәтижесінде тарих қалыптасты. Ол тарих өзі жасалмайды, оған себеп болған талантты, дарынды адамдар. Олардың ішінде бүгінде қазақ бейнелеу өнерінің классиктеріне айналған Қ. Телжанов, М. Кенбаев, Ү.Әжиев, Г. Исмаилова сияқты оқу орнының әйгілі түлектері бар», - дейді ҚР Суретшілер одағының басқарма төрағасы, профессор Байтұрсын Өмірбеков.
Соңғы жаңалықтар