Қазақтың даңқты қолбасшысы туралы «Шапырашты Наурызбай батыр» романы жарыққа шықты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Жамбылдық жазушы, журналист Бақтияр Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» деп аталатын жаңа кітабы жарыққа шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. .Тарихи-деректі роман XVIII ғасырда жоңғарлардың басқыншылығына қарсы соғыста даңқы шыққан қазақтың даңқты қолбасшысына арналған. Тарихшылардың мәліметі бойынша, осы азаттық үшін болған шайқаста миллионнан астам қазақтар опат болған.«Бұл жөнінде Қазақстанның Президенті 2006 жылы Наурызбай батырға ескерткіш ашу кезінде айтқан болатын, ? деді Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бастығы Әлібек Әмзеев. ? Мемлекет басшысы сол кезде ұлы қолбасшының ерлігі туралы тарихи-мұрағаттық деректердің жоқ екендігін атап айтқан болатын. Б.Әбілдәұлы осы деректерді Ресей мұрағаттарынан тапты. Олардың негізінде деректікөркем роман жазып шықты».Б.Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» романының таныстырылымы Қазақстан Жазушылар одағы өкілдерінің және қалың жұртшылықтың қатысуымен жақында батырдың туған жерінде, Алматы облысының Қаскелең қаласында өтті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум