Қазақтың кәсіпқой боксшысы әке атанып, тұңғышына Қонаевтың есімін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың кәсіпқой боксшысы Бекман Сойылбаев әке атанып, тұңғышына Қонаевтың есімін берді.
None
None

Бұл туралы diamondring.kz хабарлады.

Аталған мәліметке сүйенсек, жас отбасының тұңғыштары 6 шілде күні таңғы сағат 05:30-да дүниеге келген. Жас жұбайлар ұлдарының атын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арнап Димаш деп қойыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман мен Мөлдір былтыр қазан айында неке қиып, шаңырақ құрған болатын.

Бекман Сойлыбаев - EPBC WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атақтың иегері.

Соңғы жаңалықтар