Қазақтың ұлттық болмысына арналған тұңғыш сөздік жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған сөздікті Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристерге арнап шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

"​Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «ЭКСПО-2017» халықарлық көрмесінің ашылуы қарсаңында дүйім жұрттан сүйінші сұрайтындай сый дайындады. Университет ұжымы тұңғыш рет шетелдік туристер үшін қазақ болмысының мультилингвальды-иллюстрациялық сөздікті ұсынбақшы. Аталған еңбек қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде жарық көрді", - делінген ресми xабарламада.

Сөздікте әрбір сөз халықаралық транскрипциясымен беріле отырып безендірілген. Жалпы қазақ xалқының мәдени-тарихи ерекшеліктерінің өзгешелігін бейнелейтін 200-ден аса лексикалық сөздер топтастырылған. Әрбір сөз жеке-жеке аударылып, иллюстрациялық түсініктемесімен берілген. Онда қазақ халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерінің толық сипаттамасы бар.

Соңғы жаңалықтар