Қазақы ұлттық нақыштағы қуыршақтар шет елде үлкен сұранысқа ие - қолөнер шебері

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақтың ұлттық киіміндегі қуыршақтар шет елде үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы Алматыда өткен «Шығыстық жаңа жыл» атты Орталық Азия қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесінде Қазақстандық қолөнер шебері, қуыршақ жасаушы Роза Сәрсенбаева айтты ,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қолдан жасалғандықтан қуыршақтардың бағасы қымбаттау. Мысалы, көлемі мен безендірілуіне қарай 1000-2500 теңге аралығында.  «Өз отандастарымыз арасында бағасының қымбаттығынан ба, көп сұранысқа ие емес. Алайда, шет елдіктер арнайы тапсырыспен алғызып жатады. Мәселен, жасаған қуыршақтарымның 90 пайызы шет елдіктерге сатылады. Оларды қуыршақтардағы қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, безендірілуі қызықтырады. Әрбір қуыршақ қолмен кестеленіп, әшекей бұйымдар тігіледі», дейді қолөнерші.

Оның айтуынша, қазақы бейнедегі қуыршақтар жасауды 1990 жылдары елімізге шет елдіктер көптеп келе бастаған тұста қолға алған. «Қазақтарда ештеме жоқ демесін деген намыспен, халқымызды, оның бай  ұлттық мұрасын, мәдениетін, салтын,  шет елге таныту мақсат болды. Содан бері домбыра тартып отырған жігіттер мен бесік тербетіп отырған, жүн иіріп отырған әйелдер бейнеленген «Ана мен бала», «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Қазақ киімдері» серияларымен қуыршақтар жасадым. Біздің қазақтар өте шебер халық. Бір ғана бас киімінің өзі неше алуан, киімдерінің өзі неше түрлі», дейді қолөнерші. Ол  жылына 100-ге жуық қазақы нақыштағы қуыршақ жасайтын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар