13:32, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазалыда жел-күн қондырғысы орнатылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Шалғайдағы Ажар ауылына Қазалы аудандық телекоммуникациялар торабының ұйымдастыруымен электр қуатын беретін "Винтротор Болотов" жел-күн қондырғысы орнатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіЭлектр қуатымен тұрақты қамтамасыз ететін бұл қондырғы тұңғыш рет қолданысқа еніп отыр. Ол телефон байланысының тәулік бойы үздіксіз қызмет жасауын қамтамасыз етеді. Бұған дейін 8 телефон нүктесі пайдалануға берілген болатын. Мәскеудегі "Энергия - экологиялық жүйелер" компаниясының директоры Сергей Болотов бастаған ресейлік мамандармен бірлесе атқарылған игі шаруаға ауыл тұрғындары дән риза.