Қазалыдағы балықшылар қожалығының жылдық қаржы айналымы 120 млн. теңгеге жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қазалы ауданындағы ?Бақыт? шаруа қожалығы көлдер жүйесі мен балық шаруашылығын дамытуды қолға алды. Қазір құрылымның жылдық қаржы айналымы 120 млн. теңгеге жетті,

Қазалыдағы балықшылар қожалығының жылдық қаржы айналымы 120 млн. теңгеге жетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қожалық тек облыс көлемінде ғана емес, көршілес Ақтөбе облысында да жұмыстар жүргізіп, қаржы қорын молайтуда. Материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Судан маржан сүзгендер жеңіл қайық, ау құралдарымен жабдықталған. Балықшылар ?Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау? жобасының жүзеге асуына үлкен үміт артады. Ол жалпы көлемі 10 мың гектарға жуықтайтын көлдер жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.