Қазан айында Астанада «Қазавтожол-2010» VII халықаралық мамандандырылған көрме өтеді

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қазанның 27-29 аралығында Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми қолдауымен «Қазавтожол-2010». «Жол кешеніндегі құрал-жабдықтар, құрылыс және сервистік индустрия» атты VII халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.
None
None

Көрмені «Fair Expo» көрме компаниясы ұйымдастырады. Оның серіктестері болып - «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі (Астана қаласы), ТМД Үкіметаралық жолшылар кеңесі, Меркатор Холдинг (Ресей) және Көрме-маркетингілік орталығы (Ресей) табылады.

Көрме барысында «Жол құрылысына қажетті қазіргі заманғы құрал-жабдықтар, техника және материалдар» атты конференциясы мен техникалық экскурсиялар өткізіледі. Оның бөлімдері - жол-құрылысы және жер қазатын арнайы техникалар; автомобиль жолдарын, көпірлерді және жол өткелдерін салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстауға қажетті технологиялар мен материалдар; жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар (жол белгілері, бағдаршамдар); жол және көпір қоршаулары сияқты жол құрылысына қатысты басқа да мәселелерді қамтымақ.

Анықтамалық: «ҚазАвтоЖол-2010» көрмесі - автомобиль жолдарын, көпірлерді және туннельдерді жобалау және салу, автомобиль жолдарын пайдалану және күтіп ұстау саласы, машина құрылысы және басқа ұқсас салалардағы жетістіктердің байқауы. Экспозицияларда және көрменің ғылыми-іскерлік бағдарламасының іс-шараларында жол құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану, жол машиналары мен құрал-жабдықтарын шығару, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс жасайтын Қазақстанның, Ресейдің, таяу және алыс шетелдердің жетекші кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, жоғарғы оқу орындары таныстырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар