Қазан айында баспананы сату-сатып алу бойынша ең көп келісім Астана қаласында жасалды - Статистика агенттігі

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 2011 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша Қазақстанда 129 867 мәміле жасалды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика Агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

«Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 129 867-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,7 пайызға өсті. Астанада тұрғын үй бойынша мәмілелердің саны 11,4 пайызға, Алматы қаласында 3,8 пайызға артты», - деді ол.

2011 жылдың нақты қазан айында баспананы сату және сатып алу бойынша жасалған келісімдердің саны 15 838-ді құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,6 пайызға көп. Келісімдер ең көп жасалған өңірлердің алдыңғы бестігіне - Астана қаласы (1971 келісім), Шығыс Қазақстан облысы (1944), Алматы қаласы (1904), Қарағанды облысы (1810) және Алматы облысы (1341) еніп отыр. Жылжымалы мүліктің біршама тұрақты үрдісі Маңғыстау облысында (273 келісім) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар